Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Аудан әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен бас қосты.
Кездесу барысында аудан басшысы ең алдымен ауданымыздағы қуаңшылық мәселесін тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндап өтті. Сондай-ақ, аудан аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде жүзеге асырылатын маңызды шаралар мен жұмыстарды ортаға салды.

Одан әрі қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп келе жатқанын алға тартқан аудан басшысы, бұл мәселеге де қоғам болып мән беріп, жұмыла атсалысу қажеттігін тілге тиек етті.
Тиісінше тұрғындарымыздың амандығы бәрінен маңызды екенін ескерген қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарымыздың амандығы үшін екпенің тиімділігін қолдайтындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар кеңес отырысы барысында Поволжье өлкесінде аштыққа ұшыраған халыққа 14 вагон балық жөнелткен ата-бабаларымыздың қайырымды ісінің 100 жылдығы, аудан орталығындағы аспалы көпір мәселесі және алдағы ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны назардан тыс қалмады. Аталған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 шілде 2021 ж. 475 0