Қызылорда облысында ауыл әкімдігіне 151 үміткер ұсынылды

40 округ бойынша 151 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
– Қазір үміткерлердің заңды талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар кандидаттарды тіркеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бүгін 81 үміткер тіркеуден өтті, – деді Ғалым Қонақбайұлы.
Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.