Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағы жауапкершілікті талап етеді

Халық санағы жауапкершілікті талап етеді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары және түрлі сала мамандары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде халық санағы жұмыстарының І кезеңінің орындалуы және ІІ кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ербол Тәлекенов баяндама жасап, дайындық жұмыстарын тарқатып өтті. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрамының іс-шаралар жоспары аясында атқарылған жұмыстарға тоқтала келіп:
– Арал қаласында және ауданның ауылдық округтерінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру, үйлердің маңдайшаларына көше атауын орналастыру бойынша және санақ учаскелерін қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстар жасалды. Арал ауданының Статистика басқармасымен санақ персоналдары іріктеліп, Арал ауданы бойынша 4 санақ уәкілі жұмысқа қабылданып, өз жұмыстарын атқаруда. ҚР Ұлттық халық санағының І кезеңін өткізуге байланысты, екі нұсқаушы-бақылаушы, 17 интервьюерлер қабылданды. Қазіргі таңда, І кезең бойынша 1-30 маусым аралығында итервьюерлер (тіркеушілер) әрбір елді мекен бойынша тұрғын үйлердің барлығын аралап,олардың тізімін және тұрақты тұратын тұрғындардың санын нақтылау жұмыстарын жүргізді.
Санақ барысында аудан бойынша 18037 тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, 77496 халықты құрап отыр. Бұл жұмыстар санақтың ІІ кезеңінде әліде нақтыланатын болады, – деді.

Жиын соңында аудан әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстарды әлі де жандандыру қажет екенін қатаң тапсырды. Жауапты кезеңге барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 шілде 2021 ж. 309 0