Аралға Жаңақорғаннан көмек жіберіледі

«Қазіргі табиғаттың қатал мезгілін, қуаншылықты жеңу тек біз бен сіздің қолдауымыз арқылы ғана мүмкіндік бар. Сондықтан барынша атсалысқанымыз абзал. Бұл бірліктің де белгісі, тірлікті түзеудің де тетігі» – деді аудан әкімі.
Басқосуға жиналған «Бесарық», «Ислам», «Нұрбол И» шаруа қожалықтары мен «Түгіскен ТШ» ЖШС директорлары аралдықтарға көмегін аямайтынын жеткізді.
«Аралдық ағайынның ауыртпалығына ара түсу үшін қамқорлық арқау іс қажет-ақ. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Сол себепті «Сұңқар» шаруа қожалығы атынан 1 мың прес шөпті арзан бағада беремін», – деді Құлмағамбет Исаханов.
Енді көлік мәселесі шешілсе Арал ауданы малшыларына арқау көмек Жаңақорғаннан жөнелтіледі.
kyzylorda-news.kz