Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРАҚҰМДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ДЕН ҚОЙҒАНДАР САНЫ АРТТЫ

ҚАРАҚҰМДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ДЕН ҚОЙҒАНДАР САНЫ АРТТЫ

Арал ауданы әкімінің кезекті есепті кездесу жиыны аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Қарақұм ауылдық округінде өтті.Жиын барысында аумақтық учаскелік полиция инспекторы Ж.Тұрсынов, ауылдық округ әкімі М.Бозғұл және аудан басшысы М.Оразбаев баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарды тарқата айтты.
Есеп барысында белгілі болғандай қарақұмдықтар кәсіпкерлікке ерекше ден қойып, мал шаруашылығын да өркендетіп отырған жайы бар.
Мәселен, тың жобаларға берілетін қайтарымсыз грант алу конкурсына қатысқан ауыл тұрғындары Айнұр Күшкінбаева – 252,5 мың теңгеге, Арайлым Ибрагимова – 505 мың теңгеге «Сән салонын ашу» жобасы бойынша және Сұлтан Қыдырашов – 505 мың теңгеге «Пластик терезе, есік жасау» жобасы бойынша қайтарымсыз грант иегерлері атанып, кәсіптерін жасауда.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны Райла Дүйсенбаева «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 1,5 млн. теңге, Айгерім Ибрагимова 2 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Сондай-ақ, «Мал өсіру» жобасымен Кенжебай Қожанов 1,5 млн. теңге, Аманғали Жүсіпов 3 млн. теңге, Шарапат Тоқсанбаев 3 млн. теңге «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» арқылы несие қаржыларын алып, мал басын көбейтуде. Бұдан бөлек, «Іскер» бағдарламасы бойынша «Рахымжан» шаруа қожалығы «Арал Ырысы» несие серіктестігі арқылы 10 700 мың теңге, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Кірбас» шаруа қожалығы 2 350 мың теңге және «Құрман» шаруа қожалығы 4 260 мың теңге несие қаржыларын алып, мал басын көбейту бағытындағы кәсіптерін жалғастыруда.
Бұдан бөлек, Абай ауылында орнатылған 68 дана жарықшамдары энергия үнемдегіш шамдарға ауыстырылып, аудандық бюджет есебінен ауылындағы наурыз алаңы толықтай абаттандырылған.
Жалпы аудандағы атқарылған жұмыстар сараланған жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, аудан әкімі тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 қаңтар 2020 ж. 1 030 0