Шөп сатылымы ұйымдастырылуда
Бүгін аудан орталығындағы Абай көшесі бойында орналасқан «Ер-Ай» сауда орталығының алдында шөп сатылымы ұйымдастырылуда.
Ауданға жұмыс сапарымен келген ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев шөп сатылымы ұйымдастырылған орында болып, мал азығының тұрғындарға сатылу жұмыстарын көрді. Аудан әкімі Серік Сермағамбетов министрлік делегациясына жоспар бойынша ауданға әкелінетін жем-шөп қорының жеткізілу жұмыстарының барысын айтып өтті.
Атап өтейік, Қармақшы ауданынан жеткізілген престелген жоңышқа және пішен шөптері халыққа тиімді бағада ұсынылуда. Халықты жем-шөппен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Тиімді бағада шөп алған тұрғындар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі