Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Қадірлі жерлестер!
Құрметті темір жол саласының қызметкерлері!
Мемлекетіміздің күнтізбесінде тамыз айының бірінші жексенбісі – теміржолшылар күні болып белгіленген. Өйткені, ел мен елдi, қала мен қаланы байланыстырып отырған темір жол қатынасының ел экономикасы үшiн маңызы зор. Еліміз үшін, теміржолшылар қауымы үшін бұл – айтарлықтай үлкен мереке.
Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қазақ темір жолының даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор. Себебі жүк тасымалы болмаса, сауда-саттық болмайды. Ал енді барлық жолаушы және жүк тасымалының ішінде ең үлкен үлес темір жол саласына тиесілі» деген болатын.
Ендеше, ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Темiр жол – ел экономикасының өзегi, мемлекетiмiздiң қуатты жүйесi. Онсыз жүк тасымалданбайды, жеткізілмейді. Елдің экспорты мен импорты да осы теміржол арқылы тасымалданады.
Темір жолдың темірдей тәртібіне бағынып, өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарайтын темір жол тарландарын біріктірген «Сексеуіл станциясының да» өзіндік үлесі бар.
Жалпы, темiржолшы мамандығы – ерлiк пен үлкен жауапкершiлiктi талап ететiн кәсiп екені белгілі.
Сіздер  бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, халық игілігі үшін елеулі қызмет атқарып келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз.
Қазіргі таңда Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесінде ауданымызға қарасты барлық  темір жол бекеттерінде тәулік бойы жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы бір сәт те тынбай, ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде.Содан болса керек, қоғам өмірін бұл саласыз елестету қиын.
Бұл саланың біздің ауданымыздың дамуы мен өсіп-өркендеуіне,  халықтың  әл-ауқатының  одан  әрі жақсаруына   тигізіп отырған ықпалы орасан зор.
Құрметті теміржолшылар! Қадірлі сала ардагерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – теміржолшылар күнімен құттықтай отырып,  Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің игілігін молайту мақсатындағы ерен еңбектеріңіз бен ұмтылыстарыңыз жемісті болсын!

Құрметпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
31 шілде 2021 ж. 2 198 0