Алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады
Арал ауданы, Аққұм ауылдық округі əкімінің сайлауына ең алғаш болып ауыл тұрғыны Елубай Құлсариев дауыс берді. Ол: – Өз ауылымның гүлденгенін қалаймын. Сондықтан сайлау учаскесіне келіп, алғашқы болып өз таңдауымды жасадым. Ауылымыздың өсіп-өркендеуіне атсалысатын азаматтың таңдалғанын қалаймын. Сайлау – мемлекеттің бағыты мен болашағын анықтайтын жауапкершілігі мол науқан. Оған белсенді қатысу әрбір азаматтың міндеті, – дейді Елубай аға.

"Толқын" ақпарат









