Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөгендіктер әділ таңдау жасауда

Бөгендіктер әділ таңдау жасауда

Бүгін Арал ауданында 12 ауылдық округ бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтіп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Солардың қатарында Бөген ауылдық округі де бар.Оқи отырыңыздар: Ең алғаш дауыс берген сайлаушы
Бөген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Әбдікәрімов бөгендіктердің белсенділігі туралы:
Бөген жұртшылығы бұл сайлаудың маңыздылығын өте жақсы біледі. Тіршілігі теңізбен байланысты бұл ауыл азаматтары кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен толық танысты. Бүгінде сол айдынды Арал теңізінің арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған жандар алдағы уақытта да мемлекеттің қолдауын сезінуді алғашқы орынға қояды. Сондықтан барынша зерделей отырып, таңдау жасауда қателеспеуге, сенімді үміткерге дауыс беруді жөн санайды. Мен де өз таңдауымды жасадым. Сайлау әділ өтеріне күмініміз жоқ. Оған халықтың белсенділігі дәлел болады, – деді.
"Толқын" ақпарат
25 шілде 2021 ж. 409 0