Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Nur Otan» партиясының бағыты айқын

«Nur Otan» партиясының бағыты айқын

Биылғы саяси жаңалықтың бірі – ел тарихында алғаш рет округ әкімдерін халықтың сайлауы болып отыр. Санаулы күндерден кейін, нақтырақ 25 шілдеде өтетін Сайлауда аталған лауазымға үміткерлер халықтың таңдауымен қызметттеріне кірісетін болады. Саяси додада «Nur Otan» партиясынан да үміткерлер бар. Тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуына үлес қосып келе жатқан бас партияның алдағы Сайлауға қаншалықты дайын екенін білу үшін  «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатовпен сұхбаттастық.

– Талғат Мырзағұлұлы, биылғы саяси науқанның ел тарихында алар орны қандай болмақ? Алдағы сайлаудан не күтесіз?
– Жаңа айтып өткеніңіздей алғаш рет ауылдық округ әкімдерін халық сайлайды. Бұл ел өмірінде елеулі орын алатын өзгеріс болмақ. Аса жауапкершілікті қажет етеді. Қазірде осы жауапты науқан жақындап, кандиттар сайлауалды бағдарламасын насихаттауға кірісті. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде алдағы мақсаты мен көздеген межесін айқын көрсетіп жатқан үміткерлердің белсендігі жоғары. Тағы бір айта кетерлігі бұл Сайлау тек кандидаттарға ғана емес, қарапайым халық арасында да қызу талқыға түсіп жатыр. Ел арасында әртүрлі сауалдар жиі айтылып жатыр. Өйткені алдағы үш жылда жалпы әкімдер корпусының 91 пайызы сайланатынын негізге алар болсақ, атқарушы билікті таңдау халықтың тікелей өз қолында.
Сонымен қатар кандидаттардың өзін-өзі ұсына алуы, саяси партиялар арқылы үміткерлердің ұсынылуы басты ерекшелік. Оны атау өту қажет.
– «Nur Otan» партия осы Сайлауда қандай межеге жетуді көздейді?
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді 25 шілдеде өтетіні баршаға мәлім. Биыл ауданымызда өтетін сайлауда 10 ауылдық округ бойынша «Nur Otan»партиясынан 10 кандидат қатысқалы отыр. Партия атынан ұсынылған үміткерлердің сайлау заңы талаптарына сәйкес сайлауалды бағдарламалары дайындалып, үгіт жұмыстарын басталып кетті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін атқарылған жұмыстар барысында округ жұршылығымен, округтегі мекемелер қызметкерлерімен кездесіп, алдағы атқарылар жұмыстарды кеңінен айтып өтті.
– Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларында не қамтылған? Бұл елге қаншалықты тиімді, маңызды болады?
– «Nur Otan» партиясы құрылған сәттен бастап ҚР азаматтармен бірге болды. Әркез қарапайым халықтың үніне құлақ түріп, сол бағытта жұмыс жасауды мақсат етті. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Халықтың ұсыныс-пікірлерімен санаса отырып оң шешім қабылдаудың айқын көрінісіне айналды. Соның нәтижесінде өзіне үміт артқан әрбір қазақстандықтың зор сеніміне ие болды. Елдегі бас партия аталуы да осындай өзгерістерге, жаңалықтарға толы қадамның жемісі, нәтижесі негізінде келген жетістік.
Бұған ҚР Парламенті мен өзге де деңгейдегі депутаттардың халық алдындағы, сайлауалды бағдарламасында атап көрсеткен уәделерін іске асырудағы нәтижелері дәлел. Жалпы айтар болсақ кандидаттардың сайлауалды бағдарламалы көшбасшы партияның жоғарыда айтқан ұстанымымен толық үндеседі.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Оңталап ЖОЛДАСОВ
23 шілде 2021 ж. 11 196 0