Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жас достар!
Сіздерді бүгінгі – Халықаралық жастар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастық шақ – адам баласының қайтып келмес қымбат кезеңі. Ата-бабаларымыз «Ақыл – жастан, асыл- тастан» деп бекерге айтпаса керек. Себебі, жастық – бұл мүмкіндіктерге толы нағыз ерліктің, ақыл-ойдың, жігер мен намыстың, қайрат пен білімпаздықтың жасы.

Сондықтан да ел абыройын асқақтататын, Тәуелсіздігін тұғырлы ететін Жастар қауымы – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміттің, биік ар мен өр намыстың символы.
Бүгінгі таңда жастардың алдына айқын мақсаттар мен міндеттер қойылып, жарқын болашақ жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Иә, бұл жолда өскелең ұрпаққа деген көмек те қомақты. Елімізде білімі мен біліктілігі артқан, еңбек пен оқуда дараланып жүрген жастардың өркендеп өсуі үшін мол мүмкіндік бар. Әрбір жас еркін білім алып, адами құндылығын арттыру үшін жолдың бәрі ашық. Соның ішінде, аудан жастарын тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру жолындағы маңызы зор шаралар, спорт және өнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасауда.

Бұл ретте, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан жасалынып жатқан жұмыстар нәтижелі деп айтуға болады. Бұдан бөлек, бүгінде аудан бойынша жастар бағытында «Арал мейірімі»ҚБ, «Арал-АС» шығармашылық тобы «Жас Арал Өрендері» және «Сексеуіл жастары» сынды қоғамдық бірлестіктердің және «Жас Толқын» еріктілер тобының да үлесі ерекше. Әсіресе, ауданымыздың алғыр жастары биылғы өңірімізде орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, қолдарына орақ алып, шабындық жерлерден мал азығын дайындау, аудан шаруаларына қолғабыс ету сынды өнегелі істердің басынан табыла білді.
Атап өту қажет, бүгінгі таңда аудан жастарының саны 19606-ға жетіп, жалпы аудан халқының 24,2 пайызын құрап отыр. Қуантарлығы оқу-білім мен ғылымда, ауылшаруа-шылығы мен өндірісте, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметте, өнер мен спортта өздерін ерекше танытып, туымызды тұғырдан түсірмей жүрген жалынды жастарымыз жетерлік.

Қадірлі жастар!
Сіздердің жаңа белестерге деген ұмтылыстарыңыз бен жаңа идеяларыңыз мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырып, биік белестерді бағындыру жолында нық қадамға бастайды.
Себебі, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан жылдың айтулы бір күні арнайы жастар мерекесі болып белгіленуі тегін емес.
Жалпы 1999 жылдың 17-желтоқсаны күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық жастар күні (International Youth Day) 2000 жылдан бері аталып келеді.

Құрметті жас өрендер!
Заманауи әлемде елдің қуаты да, жарқын болашағының кепілі – білімді де алғыр жастарымыз екені анық. Сондықтан, әрбір жас ел дамуындағы жаңашыл істе бастамашыл болуы қажет. Жастарымыздың сапалы білім алып, өз ісінің маманы болуы – тұтас елдің мерейі. Жастарымыз – дарынды болса, талпыныс, құлшынысы қарымды болса болашағымыздың бұлыңғыр болмасы анық.

Көз ілеспес шапшаңдықпен дамып келе жатқан заманда біз Сіздерден тың дүниелер күтеміз. Елге пайдасы тиетін, өміршең идеяларыңызды қолдауға дайынбыз. Сіздерді еліміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынмен аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенеміз.
Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай келе, зор денсаулық, ел игілігіне бастаған әр істеріңізге сәттілік, асқақ абырой тілеймін! «Жас келсе іске» демекші, әрдайым келешегі кемел еліміздің дамуына қосар үлестеріңіз мол болғай!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов

12 тамыз 2021 ж. 404 0