Су ұңғымасы қазылды

Қызылорда қаласындағы «Ақ береке» ЖШС-нің 20 күн бойы жүргізген ұңғыма қазу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде жер астынан кермек су шығарылды. Қазіргі ұңғыманы тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Аталған ұңғыма осы өңірдегі төрт түлік малды суару мақсатында пайдаланылатын болады.