Бірінші кезекте 15 су ұңғымасы қайта қазылады

Қазіргі таңда су көздері бітеліп, жарамсыз күйге жеткен, қайта қаузды және жөндеуді қажет ететін барлығы 49 су ұңғымасы есепке алынған.
Мал жайылымдарын суландыру үшін бірінші кезекте жөндеуді немесе қайта қазуды қажет ететін 15 су ұңғымасының тізімі нақтыланды. Негізінен ауданда орналасқан барлығы 49 су ұңғымасын құжаттандыру үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күнге, аталған су ұңғымаларына визуалды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, координаталары алынды. Сонымен қатар су ұңғымаларының жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүзеге асырылуда.