Бәсекелестік –заман талабы

Әрине, әрбір кәсіпкер мемлекетке салық төлеп отырғаннан кейін, кез-келген ортада бәсекелестіктің болуы шарт. Ал, бәсекеге төтеп беру-нарықтық заман талабы.
Атқарылған жұмыстары мен алдағы жүйелі жоспарлары жайлы ой бөліскен Темірхан Шүкіров:
- Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Бүгінгі күннен бастап қазақстандық кәсіпкерлер жаңа мүмкіндіктердің туғандығын түсініп, жаңа нарыққа шығу бойынша тиімді стратегиямен айналысуға белсенді араласуы керек. Кәсіпкерлер өздерінің бәсекелестік басымдықтарын шыңдай түсулері шарт. Әрине, бәсекелестік жоқ жерде белсенділік те болмайды, бірақ өмір сүру сапасы да жоғарыламайды. Сондықтан да, біз сапалы өмір сүруге ұмтылып, бұған қатысты біздің жоспарларымызға кедергілер болмауы тиіс» деген болатын. Расында, қазіргі таңда аталмыш салада бәсекелестік қарқыналуда. Сол үшінде кәсіпкерлеріміз жаңа мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, өздерінің бәсекелестік қабілеттерін арттырып отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Өз ойымды ашып айтар болсам, заман дамыған сайын, бүгінде сатушылардың да талғамы жоғарылап келе жатыр. Олар жайлы орындарда сауда саттықпен айналысқанды құп көреді. Әрі тұтынушыларға да жағымды әсер туғызады. Осы орайда ауданымызда халықтың сұранысына байланысты, сәулеті келіскен сауда орындары көптеп салынып жатыр. Бұл да бәсекелестіктің бір көрінісі екені анық. Біз де соңғы үлгідегі нысанды ашып, кәсібінен нәсібін көремін деген жандарға пайдалануға бердік. Соның нәтижесінде жабайы саудамен айналысатындардың қатары сәл де болса азайды деген пікірдемін,-деп сөз сабақтады.
Света Үсенқұлова