Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Кеше «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй, жол жөндеу және ауыз су, мал азығымен қамтамасыз ету бағытындағы сұрақтарын жолдап, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Әр тұрғынның көкейіндегі мәселеге жекелей назар аударған аудан басшысы әр сауал негізінде жауапты сала мамандарымен талдау жасай отырып, заң шеңберінде шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Атап өту қажет, қабылдау барысында тұрғын үй мәселесімен жүгінген көпбалалы анаға "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР-ның заңына сәйкес кезектілікті сақтай отырып, биылғы жылы тиесілі тұрғын үй берілетіндігі айтылды.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

08 қыркүйек 2021 ж. 269 0