Жаңа ойын алаңы ашылды

Айта кетейік, балаларға қуаныш сыйлаған бұл ерекше ойын алаңы аудан әкімінің қолдауымен Аманөткел ауылдық округіне 100 жыл толуына арналған сыйлығы.
– Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Балалар ойнайтын, тіпті ересек адамдардың өзі демалатын алаңдарды көптеп салуымыз керек. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілді, – дейді аудан басшысы.
Ата-ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден, олардың шаттанған әрбір сәтіне куә болудан асқан қандай бақыт бар?!
Қолдау білдірген аудан әкімдігі тарапына ата- аналардың алғысы шексіз.


"Толқын" ақпарат