Облыс әкімі аппаратында кадрлық өзгеріс бар

Ерлан Бәкіров 1984 жылы туылған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Болашақ университетін заңгер, экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдары «Раим» ЖШС-де заңгер болып бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің жетекші маманы.
2006-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бас инспекторы, кадр жұмысы бөлімінің басшысы.
2016-2020 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылғы маусым айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

kyzylorda-news.kz