Баласын орыс сыныбына беретін ата-ана көбейді
Қала тұрғыны Мөлдір Жандарбекова баласын жаңа оқу жылында орыс сыныбына берді. Бұл – отбасылық шешім. Бұған дейін 3 және 5 сыныпта оқитын ұлдары орталықта орналасқан №198 мектептің орыс сыныбына барған. Ол балаларының орыс тілін білсе, келешегіне көп септігін тигізеді деген ойда. Оның айтуынша, елімізде орыс тілін білмесең, жұмысқа орналасу да қиын.
– Көп ойланбастан осындай шешімге келдік. Өзім орыс тіліне шорқақпын. Қоғамдық ортада орыс тілін білмегенім үшін талай мәрте таяқ жеген кезім бар. Қайта біздің өңірде қазақылық басым. Өзге облыстарға барғанда ана тілімізде сөйлейтіндерді некен-саяқ кездестіреміз. Қазір үлкен ұлдарым орысша жақсы біледі. Бір-бірімен емін-еркін сөйлеседі. Кейде қойған сауалдарына өзім де тосылып қаламын. Бүгінде біз секілді баласын орыс сыныбына беретін ата-ана көп. Мәселен, екі-үш қатарласымыздың баласы да орыс мектебіне барады. Кейде «Неге балаңды орыс сыныбына бердің, тәрбиесіне кері әсерін бермей ме?» деп сауал қоятындар да бар. Бірақ дұрыс шешім қабылдағанымызға сенімдімін. Ана тілімізді қолдау керек деп сөз жүзінде ғана айтылып жүр. Шын мәнінде кез келген мекемеге барсаңыз, іс-қағаздардың көбі орысша толтырылады. Жұмысқа орналасқысы келетін жастардың түйіндемесін көрген басшы «орысшаң қалай?» деп сұрайтынына да талай мәрте куә болып жүрміз, – дейді ол.
Енді өз басымдағы жағдайға тоқталайын, жаз уақытында баламды қосымша оқу орталығына беріп, онлайн кезінде үлгермей қалған сабақтарын жетілдіргім келді. Әлеуметтік желіде қай оқу орталығының білімі жақсы екенін білу үшін сауал жолдадым. Байқағаным, ата-аналардың көпшілігі баласын қосымшаға береді екен. Бірден жауап алдым. Көпшілік орталықта орналасқан белгілі оқу орнын нұсқады. Телефон нөмірін тауып хабарласып, маманмен тілдестім. Ойымды айтып, бағасына келіспек болдым. Бірақ қазақ тобы бала саны толмағандықтан ашылмапты. Есесіне, орыс тобы толық, бала саны 25-ке жеткен. Міне, бағамдай беріңіз. Қосымша оқу орталығының өзінде орыс тобының жұмыс істейтінін білдік.
Тағы мысал келтірейік, биыл «Зерде» мектебінде орыс сыныбының ашылмайтыны туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Ата-аналар бұл жөнінде әлеуметтік желіде наразылықтарын жеткізген. Мектеп ұжымы болса, оларға орыс сыныбының неліктен ашылмағаны жөнінде жауап берді. Басты себеп – орыс тілінен беретін білікті мұғалімнің болмауы. Сондықтан мектеп кәсіби мамансыз, сапалы білім болмайтынын айтқан. Баласын орыс сыныбына жетектейтін ата-аналардың қатары аз емес екеніне тағы да бір көз жеткіздік.
Облыстағы қазақ, орыс мектептеріндегі бала саны өсіп жатыр ма? «Біздегі дерек қандай?» деген сауалды облыстық білім басқармасына жолдаған болатынбыз. Басқарманың берген мәліметі бойынша облыс көлемінде жаңа оқу жылында 266 қазақ мектебі бар. Ондағы оқушы саны – 137282. Былтырғы оқу жылында 266 қазақ мектебінде 153660 оқушы білім алған. Биылғы жаңа оқу жылында 2 орыс мектеп жұмыс істеуде. Олар Арал ауданындағы №14 және Жалағаш ауданындағы №31 мектеп. Онда 1702 бала білім алуда. Былтырғы оқу жылында 4 орыс мектебіндегі бала саны 4440 болған. Жаңа оқу жылынан бастап қаладағы №198 орта мектеп пен Шиелі ауданындағы №252 мектеп аралас тілде білім беруде. Биылғы оқу жылында аралас тілде білім беретін мектеп саны 26 болса, онда 33961 бала білім алуда. Былтыр 24 мектепте аралас тілде 31447 бала білім алған.
Статистикалық дерекке сүйенсек, соңғы 5 жылда қазақ мектептерінде оқитын бала саны 18 процентке, орыс мектептерінде оқитын бала саны 20 процентке артқан. Былтыр елімізде жалпы білім беретін 7440 мектеп анықталса, оның ішінде 3809 мектеп қазақ тілінде, 1287 мектеп орыс тілінде білім береді. Ал 2319 мектеп қазақ-орыс аралас. Аталған 7440 мектепте 3481347 оқушы білім алады. Дәлірек айтсақ, 1519786 оқушы қазақ мектепте, 412216 бала орыс мектебіне барады екен. Бұдан бөлек, 1535750 оқушы аралас мектепте тәрбиеленуде. Оның 755345-і қазақ, 685 мыңнан астамы орыс сыныбына барады. Ал, 2016 жылғы цифрға зер салсақ, қазақ мектебіне баратын бала саны 2930583-ті құраған. Орыс мектебіне 381 мыңнан астам бала барған. Аралас мектепте 1253247 оқушы оқыса, оның 640148-і қазақ, 530559-ы орыс сыныбында болған. Міне, келтірген сандарға қарап, 5 жылда орысша білім алатын оқушылар санының қаншалықты өскенін аңғару қиын емес. Көпжылдық тәжірибесі бар, білікті ұстаздардың айтуынша, баланың тілі қай тілде шығып, қалыптасса, өзге тілде білім алуы қиынға соғады.
Мектепте 40 жылдан астам еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаз Айзат Әлібаева немерелерінің орыс мектебіне баратыны жанына бататынын айтады.
– Балам мен келінім бөлек тұрады. Келінім орысша тәрбие алған. Отбасында бәрі де орысша тілдеседі. Немерелерім қазақ тілінде сөйлесін деп, қазақ балабақшасына бергіздім. Бірақ үйренісе алмады. Тілі бұрмаланып, сөздерді анық айта алмайды. Тұтығып, ойын толық жеткізбейді. Тек бір-екі сөзді ғана қазақша айтады. Осылайша орыс балабақшасына ауыстырды. Келер жылы ата-анасы немеремді орыс мектебіне бермек болды, тағы қарсы шықтым. Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінде ойлануы керек екенін ұғындырдым. Бірақ немерелеріме қиын соқты. Қайта орыс мектебіне ауыстыруға тура келді. Себебі, отбасында бәрі де қазақша сөйлеспейінше, ісімнен ештеңе шықпайтынын түсіндім. Өз тәжірибемнен білемін, қазақ мектептеріндегі білім сапасы орыс мектептерінен кем емес. Сондықтан орыс мектебінде білім сапасы жоғары дейтін ата-аналардың уәжі тек сылтау ғана. Бастысы, ата-ананың өзі орыстілді болған соң осындай шешімге келеді, – дейді ол.
Сонымен бұл біз мысал келтірген екі отбасы ғана. Алайда мұндай түсінікте өмір сүріп жатқан қаншама отбасы бар. Қоғамда орыс тілінде оқығандардан жақсы маман шығады деген пікір де қалыптасқан. Тіпті, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері де балаларын орыс мектебіне бергенді жөн көреді. Әрине, барлығы бірдей емес. Қазақ мектебінде білім алатындары да бар. Бірақ аз. Әйтпесе, қазақ тілінде оқытатын мектептердің білімі орыс тілінде оқытатын мектептерден еш айырмашылығы жоқ. Оны ҰБТ көрсеткіштерінен-ақ көруге болады. Қазақ тілінде тест тапсырған талапкердің балы, орыс тілінде сынақтан өткендерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Психолог мамандардың айтуынша, ата-ана баласын қай тілде оқытса, сол ұлттың мінезін бойына сіңіреді. Сол себепті жоғарыда келтірген қарадомалақтар орыс тілінде сайрап жүргенімен қоса, ұлттық тәлім-тәрбиемізден алыстап бара жатқаны қынжылтады, ойландырады. «Орысша білсе, далада қалмайды» деген түсініктен арылатын кез келді. М.Қашқари, «Игі істің басы – тіл. Тәрбие басы – тіл» дегендей қазақ баласы қазақ мектебінде болғаны абзал. Оның парқын жақсы пайымдап отырған боларсыз.

Сара Адайбаева
syrboyi.kz