Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел өркендеуінің берік негізі

Ел өркендеуінің берік негізі

Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы кезекті  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі Қазақстанды әрі қарай дамытуға, сапалы біліммен қамтуға, денсаулық сақтау саласын дамытуға, еңбек нарығындағы тиімді жүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау және ұлтаралық бірлікті сақтауға бағытталған бастамаларын жариялады.
Президент Жолдауды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөзімен бастады. Одан әрі қарай Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындай отырып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап кетті. Осы мақсатқа жету үшін 5 негізгі бағыт айтылды.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көбейту туралы шешімімен қатар, соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің табысынан 60% артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру қажеттігін айтты. Осы орайда Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды. Мұнан бөлек микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34%-тен 25%-ке дейін төмендетуді ұсынды. Бұл бизнестің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толық қатысушысы болуына ықпал ететіні даусыз. Ал 2022-2025 жылдарда мәдениет қызметкерлерінің, кітапханашылардың, мұрағатшылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілердің жалақысын 20%-ға өсіру де Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан негізгі бағыттардың қатарынан табылды.
Қазақстандықтар үшін ең негізгі жаңалық болып табылған ҚР азаматтарының зейнетақы қорындағы жинақ бөлігін алып, «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы азаматтардың баспаналы болуға рұқсат беруі. Бұл қаржыны жинап, сауатты пайдалануға үйретеді. Президент сөз соңында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс жасауы қажет екенін де еске салды.
– Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен Президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босату керек. Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлеттік аппарат біртұтас механизмдей жұмылып жұмыс істеуге міндетті. Тек сонда ғана біз мақсатымызға жете аламыз, – деген Президент сөзі алдағы уақыт талабының қаншалықты жауапты екенін айқындап берді. Бұл ретте әрбір сала қызметкерлері осы жауапкершілікті сезіне алуы қажет. Білім саласының қызметкері ретінде мен де тың бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп, тапсырманың орындалуына өзіндік үлесімді қосамын.
Айман АБИЛОВА,
Ж.Түменбав атындағы №60 орта мектептің мұғалімі
12 қазан 2021 ж. 448 0