Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бай болу үшін кәсіп керек

Бай болу үшін кәсіп керек

«Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады» деген елбасымыз  жыл сайынғы  халыққа арнаған жолдауында кәсіпкерлікті кең ауқымды қолдауды іске асыру мен шағын және орта бизнесті кеңейту мәселелері туралы нақты айтып келеді. Қаламыздың кәсіпкерлері де жұртшылыққа көрсететін қызмет аясын ұлғайтумен белсенді түрде шұғылдануда. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, бүгінгі тақырыпқа арқау етіп отырған кәсіпкер ерлі-зайыптылар Құттымұрат Жолаев пен Айман Еңсеповалар. Әрине, қоғамның даму барысын-өмірде –нәзік, көңілде-биік, ал істе-мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын мығым әйелдердің қатарындағы Айман асыл жары Құттымұратқа қолғанат болып, бірлескен кәсіптерін дөңгелентіп отырған жайы бар. Себебі, әдемі келіншек қазіргі таңда халықпен қоян-қолтық араласа отырып, белгілі бір кәсіппен айналысу-заман талабы екенін тереңінен түсінген. Отағысының бастаған ісін алға тарта отырып, бала тәрбиелеу ісінде де үлгі көрсете білген кәсіпкер ханым жуырда қаладағы Ғ.Мүсірепов көшесінен «Дамир» мини маркетін ашып, көпшілікті қуанышқа бөледі. Меркет ішінен азық-түліктен бастап, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарға дейін кездестіруге де болады. Талапқа сай, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып отырған кәсіп иесі, сатып алушыларға чек беруді әсте естен шығарған емес. Өз қаражатына сауда нысанын салып кәсібінен нәсібін көріп отырған А.Еңсепова былайша сөзін сабақтады:
- Елімізде өз күшіммен кәсіп ашам дегендерге жол әрқашан ашық. Қазір жұмыс жоқ дегенді сылтауратып, ата-анасының мойнына мініп отырған кей жастарды көргенде таңғаласың. Таңғалмай ше, өйткені… «қалауын тапса, қар жанар» дегендей, адамдаынта мен жігер болса, көптеген істің көзін табуға әбден болады. Біз де бірден жетістікке қол жеткізгеніміз жоқ. Кәсібімізді нөлден бастадық десек те әбден болады. Құдайға шүкір бүгінде «бай боламын десең, кәсіппен айналыс» деген қағиданы ұстанып,  сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жатырған жайымыз бар. Отағасы да  қала орталығындағы өзінің  «Тамерлан» атты  концелярлық дүкенінде тұрады.  Мен күндіз-түні мини маркетте жұмыстамын. Тұрмыс құрған алғашқы жылдардан бастап, кәсіпкерлікке бет бұрып, алдымызға үлкен мақсат қоя білдік. Сондағы ойымыз қатарынан бірінен соң бірі өсіп келе жатырған үш ұлымызға қолайлы өмір сыйлап, отбасылық бизнесті мұра етіп қалдыру. Және де ұдайы қайырымдылық шараларына қатысып, ешуақ сауапты істен шет қалған емеспіз-деді.
Еңбекпен есейіп, қазіргі уақытта шаруасын шалқытып отырған жандардың отбасылық бизнестеріне бізде сүйсіндік.
Света Үсенқұлова.
16 тамыз 2018 ж. 1 996 0