Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл ел бесігі» экспедициясы Сыр өңірінде болды

«Ауыл ел бесігі» экспедициясы Сыр өңірінде болды

«Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» сайты және «Qazaqstan dauiri» газетінің ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы дәстүрлі экспедиция Сыр өңіріндегі сапарын ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлаған болатын.
«2012 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан экспедиция бұл жолы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіре отырып, еліміздің облыстары мен аудандардың, ауылдардың тұрғындарымен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдегі ауыл шаруашылық, мәдениет пен өнер, спорт, денсаулық сақтау және т.б. салаларда жеткен жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдарында дәріптеуді, сонымен қатар өзекті мәселелерді анықтап, тиісті министрліктерге жеткізуді мақсат етіп отыр. Көздеген мақсат орындалды», – дейді экспедиция жетекшісі, «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы.
Жалпы атап өту керек, 4 күнге созылған іс – шара аясында экспедиция мүшелері облыстың барлық аудандарында болып, аудан әкімдері, жергілікті тұрғындар, халық қалаулылары, жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесіп, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы аясында ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салалары бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарға қанықты.
Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулерде елдегі қордаланған проблеммалық мәселелерді анықтап, оларды қаңтар айында түрлі министрліктер өкілдері, қоғам белсенділері мен Сенат, Мәжіліс депуатттарының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін дөңгелек үстел барысында ортақ талқыланып, БАҚ беттерінде жарық көретіндігін жеткізді.



kyzylorda-news.kz
22 қазан 2021 ж. 357 0