БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифинг өткізілді

Бөлім басшысы Санира Нұрқожақызы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің тиімділігі және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар мен міндеттерді атап өткенін, соның ішінде, білім және ғылым саласы бойынша да бірқатар маңызды әрі өзекті міндеттерді жүктеп отырғанын баяндай келе көзделген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін ауданның барлық білім беру ұйымдарында қажетті шаралар қабылданғанын баяндады.
Сонымен бірге бөлім басшысы мемлекетіміз мұғалімдердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім саясатына басымдық беріліп, ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін «Педагог мәртебесі» Заңы қабылданып, қызметін бағалауда арнайы үстемақылар белгіленгенін, сондай-ақ, «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына тағайындалған сыйақыны иеленген ұстаздармен қатар, еліміздегі ең жоғары марапаттармен мадақталып жатқан мұғалімдеріміз барын, бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы екені, сондықтан аудан ұстаздары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған барлық міндеттерді іске асыру үшін жоспарлы және жүйелі жұмыстарды қарқынды жүргізе беретін болады деп сенім білдіретінін атап өтті.
Бөлім басшысы баспасөз брифингінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сұрақтарына жауап беріп, қатысушыларға алғысын білдірді.

"Толқын" ақпарат