Қызылордада облыстық жастар форумы өтті

Мерейлі мерекеде қос сала БАҚ өкілдері арасында «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру» тақырыбында байқау ұйымдастырды. Шарада конкурстың жеңімпаздарына облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Ягмусов жүлделі сыйлықтарды табыстады. Үздік деп танылған үштікке қаржылай серфитикат берілді. Атап айтқанда, ІІІ орын облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ақпаратты-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің маманы, журналист Нұрбике Құдайбергенова, ІІ орын облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов және жүлделі І орынмен «Halyqline.kz» сайтының редакторы Рыскелді Жахман марапатталды.
Бұған қоса, арнайы «Талдамалы ақпарат» номинациясы аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторының орынбасары Гүлнар Дүйсебаева, «Әділет тынысы» – облыстық «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Дәулет Сағит және «Рухани тағылым» номинациясы – «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаевқа берілді.
Аталмыш жиында белсенді жастар өз ойларымен пікірлерін жеткізді. Алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдері мол.



kyzylorda-news.kz