Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тәуелсіздік ұрпақтары»: Жалағаштық Айсана Намурадин грант иегері атанды

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Жалағаштық Айсана Намурадин грант иегері атанды

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға нақты қолдау ретінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау қажеттігін атап өткен болатын.

Осыған орай, бүгін Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Намурадин Айсана Қанатқызы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру бағыты бойынша 3 млн теңге грантының жеңімпазы атанды.

Марапатты ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Елордамыз Астана төріндегі Ақордада табыстады. Еліміздің 14-29 жас аралығындағы барлық азаматтарына арналған гранттың негізгі мақсаты – белсенді шығармашыл жастардың жобаларын, бастамаларын іске асыру, қолда бар жобаларды дамыту, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу және жастарды оқыту үшін пайдалануға берілді.

Айта кетейік, гранттар ҚР азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін келесі бағыттар бойынша конкурстық негізде 30 грант, 3 млн. теңгеден 5 бағыт бойынша табысталу керек болатын:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
«Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;


kyzylorda-news.kz

08 желтоқсан 2021 ж. 374 0