Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің төрағалығымен салалық мәжіліс өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен салалық мәжіліс өтті

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен салалық мәжіліс өткізілді.
Мәжілістің күн тәртібінде маңызды деген екі мәселе қаралды. Жиынға дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымының өту барысы туралы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы А.Тасқынбаев баяндады. Бөлім басшысының мәлімдеуінше аудан көлемінде әлеуметтік-мәдени маңызы бар 190 нысан бар. Барлық әлеуметтік нысандарға жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу беру маусымына қажетті отынды жеткізетін мердігерлермен келісім шарттар жасалып, бүгінгі күні әлеуметтік нысандарға қажетті отын қоры тасымалдануда. Аудан бойынша 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отынға қажеттілік 15 000 тоннаны құрайды.
Аудан көлемінде орналасқан елді мекендерді күз-қыс мезгілдерінде сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, электр нысандарына жөндеу, тазалау, электр желілеріне кедергі тигізетін талдарды кесу жұмыстары үстіміздегі жылдың қазан айында толық орындалған.

Сонымен қатар аудан бойынша ауыз су желілерінің қыс айларында қалыпты жұмыс істеуі мақсатында, «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі арқылы су ұңғымаларының есік терезелеріне қымтау, барлық ұңғыма құбырларын термокабельдермен қамту және бөлімше нысандары электр қуатын алатын КТП мен дизелді электр стансаларын тексеруден өткізілген. Осы жұмыстардың нәтижесімен биылғы маусымда әлеуметтік нысандарға жылу бірқалыпты берілуде.
Баяндалған жұмыстарға куә болған аудан басшысы алдымен аудан көлеміндегі қатты отын мәселесіне тоқталды. Күн райы суытқан уақытта аудан және ауылдық округтер бойынша ешқандай қатты отынға қатысты мәселе туындамауы қажеттігін және барлық ауылдық окург әкімдеріне биылғы жылыту маусымында халыққа қажетті қатты отын мөлшерін есептеп шығаруды тапсырды. Осы ретте ауданға қарасы Сексеуіл кентіндегі қатты отын тапшылығына байланысты сөз қозғалып аудан басшысы А.Тасқынбаевқа кентке және қарасты елді мекендерге арнайы барып қажетті қатты отын мөлшерінің нақты есебін анықтауды жүктеп жылу беру маусымын еш кедергісіз өткізу керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Д.Шәкен баяндады. 2021 жылы Арал ауданының аумағында барлығы 50 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда салыстырмалы көрсеткіш 72,4%-ға көбейген. Орын алып отырған төтенше жағдайлардың 84%-ын өрт оқиғалары құрап отыр. 2021-2022 жылдардың жылу беру маусымы қарсаңында ауданымыздағы азаматтық қорғау орган қызметкерлерімен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 9048 тұрғын үйге, сонымен қатар, тұрғын секторды аралау кезінде «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі», «Көмірқышқыл газы–қауіпті!», «Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыптарында үнпарақтар мен жадынамалар аудан тұрғындарына таратылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы баяндаманы тыңдаған аудан басшысы жауапты мамандарға қысқы маусымда аудан бойынша автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында қар тазалау, жолдардың тайғақ болуының алдын-алуға байланысты жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, төтенше жағдайларда жұмыс жасайтын арнайы техникалардың дайындығын пысықтауды және балабақша, мектеп секілді мекеме аулаларының қар мен мұздан тазалануын қадағалап отыру керектігін айтты.

Мұнымен бірге мәжіліс қорытындысымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар мен жеңіл автокөліктердің міндетті түрде қысқы баллондарымен және толық техникалық тексерістен кейін ғана жолға шығуын полиция бөлімінің бастығына қадағалау жүктелді.

Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы

15 желтоқсан 2021 ж. 259 0