Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің Тәуелсіздік күні мерекесіне арнаған құттықтауы

Аудан әкімінің Тәуелсіздік күні мерекесіне арнаған құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді ел тарихындағы азаттығымызды айшықтай түсетін төл мереке 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
        Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 30 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған еліміз аз ғана уақытта ғасырға жүк болар жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз Ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады. Бүгінгі Қазақстан өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналды.
        Қазақстан - шекарасы нақтыланған, Әнұраны көкте қалқып, Көк Туы желбіреген, Елтаңбасы қалыптасқан, Тілі және Төл Теңгесі, Әскери Күші бар мемлекетке айналды.
        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында: «Қазір бізге Тәуелсіздік жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», - деген болатын.
        Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде рухы асқақ қазақ елі, ынтымағы мен бірлігі жарасып, болашаққа нық қадам басты. Тағдыр тоғыстырған сан ұлт пен ұлыстың өкілі бір шаңырақтың астында еңбек етіп, өнегелі өмір жолын жалғады. Келелі, кемел істер атқарудың арқасында экономика қарқынды өсіп-өркендеп, халқымыз бейбіт ғұмыр кешуде.
        Тәуелсіздік жылдары біздің Арал ауданында да толымды тірліктер жасалып, көптеген түйінді мәселелер шешілуде. Білім, спорт, мәдениет, денсаулық, құрылыс пен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпте айтарлықтай жетістіктерге жеттік.
       
Тәуелсіздік сіздер мен біздер үшін және ізімізді жалғастырар жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық.
        Татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – ынтымақтың ұясына, татулықтың төріне айналды. Сондықтан айтулы мереке әрбір қазақ азаматының жанына жақын, жүрегіне ыстық.
        Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет»,- деп атап көрсеткеніндей, асыл да ең қымбат қазына – Ел Тәуелсіздігін қастерлей білейік! Бұл – халықтың ортақ қуанышы, ортақ жеңісі!
        Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-дәулет тілеймін!
        Еліміз татулық-бірлігінің арқасында қарыштап даму жолынан таймай, азаттық таңы тұғырлы бола берсін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі С. Сермағамбетов
16 желтоқсан 2021 ж. 535 0