ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Тәуелсіздік күнін» салтанатты түрде атап өтті

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына белсене үлес қосқаны үшін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Ш. Есенкелдиев, ҚАЖД Жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры Ғ. Қонысбекұлы, ЗК-169/4 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Ә. Рахманов"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл" медалімен және ЗК-169/1,ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімінің қызметкерлері А. Егізбаева, А. Назарова "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың және ҚАЖ комитетінің төрағасы Ж.Ешмағамбетовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Сонымен қоса Департамент бастығы әділет подполковнигі Ш. Есенкелдиевтің бұйрығымен 100 -ден астам ҚАЖ қызметкерлері марапатталды.
Бұдан бөлек, департамент бастығы Ш.Есенкелдиев қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Дін істер басқармасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдерін және ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің қызметкерлерін марапаттады.Салтанатты шарада сала ардагерлерін де марапаттап, иықтарына шапан жапты.
Шара концерттік бағдарламаға ұласты.


