«Омикрон». Үкімет басшысы тапсырма берді
![](/uploads/posts/2021-12/1640155872_zagrwzhennoe-1-1.jpg)
Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр.
Әлемде коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет, – деді Үкімет басшысы.
Айта кетерлігі, бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ын құрайды. Сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екпенің екінші компонентімен қамтылды.
syrboyi.kz