Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздарына марапат табысталды

Қызылордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздарына марапат табысталды

Достық үйінде «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» Х жергілікті Азаматтық форумы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысты.
Алғашқы рет бұл форум 2003 жылы өткізілді. Содан бері 2 жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып келеді.
«Халық пен билік арасындағы алтын көпірге, азаматтық қоғам өкілдерінің диалог алаңына айналған мұндай басқосулардың маңызы зор. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Тәуелсіздік алған жылдары облыстағы қоғамдық ұйымдар саны 15 болса, бүгінде олардың қатары 1000-ға жуықтады. Бұл да азаматтық сектор негіздерінің күшейіп, қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің артқанын көрсетеді»,- облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлғалардың «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлерін әзірлеу жобасы іске асырылып, өңірімізден екі адам тізімге енді. Олар «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», бірінші деңгейлі педагог Жәмилә Әбжан.
Өңірдегі үкіметтік емес секторды дамытуда Азаматтық Альянс Қауымдастығы үлкен жұмыс атқаруда. «Бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсету орталығын жүзеге асырды. Азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділер, меценаттар ел өміріндегі кез келген шаруаға, әсіресе пандемияны еңсеруге белсенді атсалысуда.
Азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан келелі кеңесте қоғам дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Қауымдастығы» ЗТБ-нің төрайымы, Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Анар Ізден марапатталды. Сондай-ақ, «Халық алғысы» медалі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімінің алғыс хаты бірнеше азаматқа табысталды. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған республикалық «Жомарт жүрек» байқауының өңірлік жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда, «Жыл меценаты» номинациясының иегері кәсіпкер Ляйля Ризванова, «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері дәрігер Әлия Қартабаева, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясының иегері «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестінің жетекшісі Сәкен Алдашбаев, «Туған өлке» номинациясының иегері «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясының иегері Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағанбетов.
Форумда қоғам белсенділері, жастар, өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері баяндама жасап, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

kyzylorda-news.kz
24 желтоқсан 2021 ж. 569 0