Ақзира Қасымова: Халқымыздың амандығы – ең ұлы құндылығымыз
Біздер соңғы күндері ғұмыр тарихымызда бұрын-соңды болмаған қиын кезеңдерді бастан өткерудеміз. Алатаудай алып кеуделі халықты алатайдай аражікке бөлу, аңғал жұртты айла-шарғыларымен арандату, мемлекетке барынша зиян келтіру секілді сұмпайы мүдделері болған террорлық топтардың кесірінен қанша отбасы қара жамылып, қанша шаңырақ үрей құшағында қалды…Елімізді осы қиындықтан да Мемлекет басшысының, сұңғыла саясаткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ізгі бастамалары мен халық игілігі үшін қабылдаған ақылды шешімдері алып шықты!
Ендігі жерде “өткенге – салауат, келешекке – үміт” дей келетін дана халқымыздың парасатты қағидатына сүйеніп, болашағымыздың баянды болуы үшін барлық білім-білігін арнап жатқан Президентіміздің байырқалы бастамаларын ел болып тұтасып, қолдауымыз керек.
Аза тұтып отырған ағайынға сабыр тілеймін! Халқымыздың амандығы, еліміздің тыныштығы – ең ұлы құндылығымыз! Сол құндылықтарымызға ешқашан сызат түспесін! Туымыз тұғырынан ешқашан түспесін!
Ақзира ҚАСЫМОВА,
облыстық білім басқармасының басшысы.
kyzylorda-news.kz





		
		



