Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды

Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды

Асқар Қуанышұлы Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.
Асқар Омаров 1976 жылы Алматыда туған.
Тұран университетін бітірген.
1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.
2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.
2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.
2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.
2020 ж. қаңтар – 2021 ж. 18 тамыз аралығында — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылы тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған болатын. 

kyzylorda-news.kz
11 қаңтар 2022 ж. 293 0