Қазақ елінің жалауы мәңгі биікте желбірей береді

Бейбітшілік – қолымызда тұрған ең үлкен байлық. Сол байлықты бағалап, келер ұрпаққа аманаттау, әр азаматтың міндеті. Еліміздің болашағы кез келген саналы адамды бей-жай қалдырмайтыны анық.
Бейбітшілік туын асқақтатар білімді жастар, тек жақсылыққа жол сілтер аға буын, ақ тілеуі көл-көсір көнекөз қарияларымыз бен ұлт болашағын ойлайтын қаракөз қыздарымыз көп болса, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік. Осы киелі ұғымның қадірін жете түсінсек қана "бейбітшілік" ұғымының ғұмыры мәңгі болмақ. Бүгінгі тәуелсіздіктің ақ таңы - кешегі бабалардың арманы.
Қазіргі таңда орын алған жағдайлар, лаңкестік қақтығыстар, бейбіт елімізге үрей тудырды. Алайда, сын сағатта үздіксіз қызметтің арқасында Президенттің арқасында жауға тойтарыс бере білдік.
Қабылданған бірқатар өзгерістердің аясында жаңа Қазақстанның жалауы мәңгі биікте желбіремек.
Бөлекбаев Амангелді
«Nur Otan” партиясы Арал аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасы