Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы ауысты
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.
		





		
		



