Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады

Президент «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады

Ертең, 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

«Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды», деп жазылған Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабараламада.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.
26 қаңтар 2022 ж. 587 0