Мемлекеттік қызметкерлерге арналған этика кодесі құрастырылды


Онда қызметкерлердің істеуіне болмайтын әрекеттердің тізімі де бар.
Енді мемлекеттік қызметкерлерге мына әрекеттерді істеуге тыйым салынады:
-туысқандығы бар ағайындылардың мемлекеттік қызметте яғни бір жерде жұмыс істеуіне;
-интернетте ойына келгенін жазуға, өз парақшасында құпия немесе басқа да жабық ақпараттарды жариялауға;
– өз парақшаларында көңіл көтеру орындары мен шетелде түскен суреттерін көрсетуге;
-конституциялық құрылысты өзгертіп, сепаратизм мен егемендіктен бас тартуға шақыратын адамдармен дос болуға;
– қымбат көліктердің алдында түскен суреттерін де жариялауға;
Этика кодексі 2 бөлімнен, 40 беттен тұрады. Онда авторлар әдепке жатпайтын іс-әрекеттер мен мәдениетті қалыптастыру әдісін мысалдар арқылы түсіндірген.
Кодекстегі ережелерді бұзған қызметкер құқық бұзушы ретінде сөгіс алады немесе жұмыстан шығуға дейін барады.