Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

«Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды.
Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.
Павлодар облысының Ақсу қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.
Ол бұған дейін елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Дін және азаматтық қоғам министрлігінің департамент директоры, Қоғамдық даму министрлігі комитетінің төраға орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

kyzylorda-news.kz
03 ақпан 2022 ж. 494 0