Гүлшара Әбдіқалықова: Халықпен тұрақты түрде кездесіп, елді мекен тұрғындарының мәселелері қаралады

Кездесу барысында жұмыссыз жастарды қысқа мерзімді курстарда оқытып, еңбекпен қамту, тергеу изоляторында ұсталған азаматтарға медициналық және құқықтық көмек көрсету, көмекке мұқтаж азаматтармен ашық диалог құрып, қолдау көрсету жолдары талқыланды.
Облыс әкімі қиындыққа тап болған азаматтарға шұғыл арада медициналық көмектердің тұрақты берілгенін және жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту, оларды қабілетіне қарай кәсіби бейімдеу мәселелері үшін кешенді жұмыстар қолға алынатынын тілге тиек етті. Алдағы уақытта халықпен тұрақты түрде кездесіп, елді мекен тұрғындарын мәселелері сараланып, қаралатынын қаперге салды.
Жиын соңында адам құқықтарының сақталуына қызмет ететін азаматтармен жиі пікірлесіп, ұсыныстардың ескерілетіні айтылды.



