Бес жүзден астам отандасымыз елге оралады

«Қазіргі кезге дейін эвакуациялау туралы 528 азамат өтініш білдірді. Бірінші репатриациялық рейс 26-27 ақпанда қатынауы тиіс», дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Сондай-ақ ол рейстердің тегін ұйымдастырылатынын да тіліне тиек етті.