Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды
Әділбек Бөрібайұлы 1976 жылы туған.
Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарихшы-архивтанушы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қармақшы аудандық қоғамдық өрт сөндіру бірлестігінің жұмысшысы ретінде бастаған. Кейіннен Қызылорда қаласының әкімдігінде жауапты қызметтер атқарды.
Одан кейін Қызылорда облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары болды.
Ал 2015-2017 жылдары – Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.
2019 жылдын осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
kyzylorda-news.kz