Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысына қызметке келді

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысына қызметке келді

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мархабат Жайымбетов тағайындалды.
Мархабат Жайымбетұлы құрылыс, сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларына жетекшілік жасайтын болады.
2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
2010-2013 жылдары Қызылорда қаласының әкімі;
2013-2014 жылдары Арал ауданының әкімі;
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы;
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

kyzylorda-news.kz
10 наурыз 2022 ж. 921 0