Білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
ҚР Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздің білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жасыл» және «сары» аймақтарда әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталсын. Күн сайынғы «кіру» сүзгісіне де (жанаспайтын термометрмен термометрия) талап қойылмайды. Сонымен қатар «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін», – делінген қаулыда.
Дегенмен бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілгендей «Ashyq» жүйесі қолданыстан мүлдем алынбайды.
«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы «кіру» сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі», – деп хабарланды.
Одан бөлек, құжатта білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы шаралардың толықтай сақталу керектігі айтылған.
kyzylorda-news.kz