Ғимараттарға Ashyq қосымшасын пайдаланбай және бетпердесіз кіруге рұқсат етіледі
Әкімшілік ғимараттарға кіру үшін қойылатын санитарлық талаптардың өзгеруі туралы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы жарияланды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің ағымдағы жылдың 25 наурызындағы қаулысына сәйкес мемлекеттік маңызы бар ғимараттарда азаматтарға «ASHYQ» қосымшасын пайдаланбауға және бетперде кимей жүруге рұқсат етіледі.
«ASHYQ» қосымшасы арқылы кіру тек Ақорда ғимаратында ғана сақталады.
Осы қаулы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап күшіне енеді.
kyzylorda-news.kz