Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қызылордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары оқу орындары мен колледж, мектептерде дене тәрбиесі құралдары арқылы жастардың рухани интеллектуалдық деңгейін қалыптастыру жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиын Халықаралық педагогикалық білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек
Егізбаевтың 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.
«Әдіскер-ғалым дене тәрбиесінің методологиялық бағыттарын педагогикалық, эстетикалық, философиялық тұрғыдан негіздей отырып, спорт пен дене мәдениетін  тәрбие құралы ретінде ұзақ жылдар зерттеп келеді. Бұл бағытта жарық көрген  ғылыми, әдістемелік, танымдық еңбектері  ғылыми қауымдастыққа, спортшылар қауымына жақсы таныс. Ғалым дене мәдениетін жетілдіру ісіне үлкен үлес қосуда»,-деді Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор м.а. Абайбек Жүнісов.
Онлайн және офлайн форматта өткен конференция барысында профессор Жақсыбек Егізбаевтың алпыс жылдық педагогикалық қызмет барысында қорытқан  тұжырымдары талқыланып, кейінгі ұрпаққа дәріптелді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов, Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Елемес Әлімханов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Ботағариев, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Еркін Уанбаев, Ш.Есенов атындағы Технологиялар және инжиниринг университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсапа Ахметов,  Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қауымдастырылған профессоры,  педагогика ғылымдарының кандидаты Жандос Есіркепов баяндама жасады.
Сондай-ақ, шараға еліміздегі жоо мен колледж білім алышулары, оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

kyzylorda-news.kz
30 наурыз 2022 ж. 668 0