Өркендеудің өзегі – нәтижелі іс
Қазан айының алғашқы аптасында Президент Н.Назарбаев кезекті Жолдауын жариялады. Жыл сайын үлкен-кішінің «Қандай жаңалықтарымен ерекшеленеді екен?» деп Жолдауды асыға күтетіні жасырын емес.
Міне, Жолдаудың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында екенін көргенде жас баладан қарияға дейін бір қуанып қалғаны анық. Қалай қуанбассың? Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде түрлі реформалар жүргізілді. Олардың жүйелі жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды. Міне, енді 2050 жылға қарай әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуды негізгі стратегиялық мақсат етіп қойған еліміз жаңа міндеттерді де атқаруға дайын екендігін көрсетті.
Халықтың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмысының сапасына байланысты болады. Мен өзімнің қызметтік жолымда түрлі саладағы еңбек адамдарының ерен істерін көріп, маңдайларынан сорғалаған терін сүртуге мұршасы келмей, тапсырманы тыңғылықты орындау жолында жарысқа түскен талай майталмандармен кездестім. Адал еңбектің ғана адамның тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыратынын жастайымнан көріп-білдім. Міне, Президент алдағы жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін өсіруді тапсырды. Ал, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруға байланысты ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыруға қыруар қаржы қарастыру – біздің өңірдің жастары үшін нағыз мүмкіндіктің көзі. Айта берсек, Жолдаудың жаңалықтары мол-ақ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үйге байланысты бағдарламалар бойынша ипотеканың қолжетімділігін арттыру да талай отбасына қуаныш сыйлайтыны даусыз. Басты мәселелеріміздің бірі – жоғары оқу орнын бітірген жастардың жұмыс таба алмай сандалысқа түсуі еді. Жолдауда көрсетілгендей, оқу орындарының маман дайындау сапасына байланысты ендігі жерде талап күшейіп, оқу бітірген жастардың жұмысқа орналасуы басты мәселе болмақ.
Ал, Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту міндетін қоюы – жұмыс уақытын алатын көпсөзді жиындардан арылуды көздейді. Жұмыс қай кезде жүреді? Сөзден іс көп болғанда ғана. Іс тындырымды болса, табыс та, тұрмыс сапасы да артады. Президенттің айтқаны да осы. Сондықтан, әркім өз жұмысын адал атқаруы тиіс. Сонда ғана еліміз жан-жақты өркендейді.
Шәкірат Дәрмағамбетұлы,
Арал ауданының құрметті азаматы.