ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖОЛДАУ
![](/uploads/posts/2018-10/medium/1538738853_43183228_2147041442230271_1124132106893524992_n.jpg)
«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деді. Шынымды айтсам, біз секілді кіші буынға, қатарластарыма зор үміт сыйлады.
Иә, бұл бағытта енді еліміз бойынша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы жұмыс жасамақшы. Осы жоба арқылы өңірлердегі еңбек өнімділігі арттырылып, түрлі бірлестіктер мен бастамалар жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, халықтың көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда түрлі шаралар қолға алынбақшы. Ал, өз кезегінде бұл шаралар халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор септігін тигізбек. Біз осы сынды бастамалар мен жобалардың келер жылдан бастап қолға алынатындығын естіп, ерекше бір әсерге бөлендік. Себебі, бұл бастамалардың артында тікелей жастардың тұрғаны, одан қалды түрлі әлеуметтік топтың мүшелері қамтылатыны белгілі. Ал, жапылай алғанда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған бұл Жолдау әлеуметтік жағдайды жақсарта түсуге ықпал етеді.
А.Әбілбаев,
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиялы
«Жас Отан» жастар қанытың төрағысы.