Нұрлыбек Нәлібаев: Тапсырма тиянақты орындалуы керек

Үкімет басшысы инфляцияны ұстап тұру, экономикалық көрсеткіштерді арттыру мен азық-түлік қорын молайту бағытында және ғылыми әлеуетті көтеру, жастарды ғылымға тарту сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиыннан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орынбасарлары мен барлық басқарма басшыларына Үкімет қойған негізгі талап шеңберінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтеруде жұмысты ширау қажет екенін алға тартты. Сала-сала бойынша негізгі басымдықтарға жете мән беріп, талдау жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, өңірді дамытудың өзекті мәселелері облыс әкімінің төрағалығымен өтетін алдағы актив отырысында жан-жақты қаралатын болады.

