Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

«Қызылорда су жүйесі» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымына Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы тағайындалды.

Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2006-2007 жылдары «Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техника қауіпсіздігі инженері, 2007-2008 жылдары абонент бөлімінің басшысы, 2008-2009 жылдары диспетчер бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары аралығында «Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас инженері, 2010-2012 жылдары «Қызылорда қызмет сервис» ЖШС директоры, 2012-2013 жылдары «Тұрғын үй қызметі» МКК-ның директор орынбасары, 2013-2014 жыл аралығында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің бас инженері, 2014-2017 жылдары «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің директоры лауазымында қызмет атқарып, 2017-2018 жылдары аралығында «Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымын атқарған.
2018 жылдың маусым айынан бастап «Қызылорда тазалығы» ЖШС директорының міндетін атқарушы қызметін атқарып келді.

kyzylorda-news.kz
14 сәуір 2022 ж. 980 0