Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

«Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шараларға арналған кеңес өткізді. Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін жіті қадағалап отырғаны айтылды», – делінген хабарламада.
Отандық компаниялардың дамуын ынталандыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін әзірлеу ұсынылады.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында сақтандыру сыйлықақыларына мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту ұсынылады.
Сонымен қатар, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді кеңейту ұсынысы қолдау тапты.
Премьер-министр айтылған және басқа да ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырғанын баса айтылды.
kyzylorda-news.kz