Әріптестік аясы нығаймақ

Басқосуда бәсекеге қабілетті, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы мен екіжақты ұсыныстар талқыланды.
«Жаңа Қазақстанның басты принципі – әділеттілік. Мемлекет басшысы Жолдауда да құқық қорғау институттарын күшейтуді тапсырған болатын. Сондықтан осы салаға қойылатын талапта күшейіп отыр. Бүгінде университетте 2 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар білім алады. Сондай-ақ, құқықтану кафедрасында біліктілік талаптарына сәйкес жаңа білім беру бағдарламасы дайындалып, реестрге енгізу жұмыстары жүргізілуде», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Кездесу барысында «ЗАҢ» медиа-корпорациясы ЖШС президенті Досымбек Өтеғалиев газеттен қосымша айдар ашып, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың материалдарын, зерттеулерін жариялауды ұсынды. Ал Әмірбек Шаймағамбетов детектив жанрының атасы Кемел Тоқаев туралы «Шытырман» кітабының тұсаукесерін оқу орнында өткізудің маңызыдылығын айтты.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құқықтану» кафедрасы 1992 жылы құрылған. Университетте білім алушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін Заң клиникасы жұмыс істейді. Бүгінде кафедрада 604 студент білім алуда.
