Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

«Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-де.
Сонымен қатар Президент тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бергені жайлы жазды.